WhatsApp

Қарағандылық зейнеткер пәтерінде купе жабдықтады

Қарағандылық   зейнеткер   пәтерінде   купе    жабдықтады

Қарағандылық   зейнеткер   пәтерінде   купе    жабдықтады

Рамазан   Түсіпов  ұзақ  жыл  бойы  теміржол  саласында  жұмыс  істеген. Ол зейнетке  шыққан  соң , өз  пәтерінде  вагон  купесін  жабдықтаған.   Зейнеткер   үйінің  ішінде  кәдімгі   поездың  атмосферасын  жасауға  тырысқан. Бұл жер  оның  немерелері үшін ерекше  ойын бөлмесі.  Купе ішіне орналастырылған   теледидар вагон ішінде терезе сыртындағы  қозғалысты  бейнелейді.  Сәйкесінше  дыбыстар да орнатылған.   Купені  жабдықтауға   оған  бұрынғы  әріптестері  көмектескен.  Ескі  вагондардың  жабдықтарын  табу  оңайға  тимеді дейді ол.  Зейнеткер  жасаған  купе  немерелері үшін  ойын  бөлмесі  болса,  ересектер  үшін  настальгия орыны. Поездың  тербелесі  ұйқыңды  келтіреді,  сондықтан  зейнеткер  өзі жабдықтаған    купеге   келіп  тынығып    алатындығын   айтады.