фото: https://football.by/posts
Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан ұлттық футбол құрамасының ойыншысы Дастан Сатпаев FIFA Series 2026 аясындағы наурыз айындағы матчтарға қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Бапкерлер штабының шешімі бойынша Дастан Сәтпаевтың орнына Оралхан Өміртаев ұлттық құрама сапына қосылады.
– «Челси» клубының медициналық штабынан Дастан Сәтпаевтың қазіргі жағдайы мен наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келуі керек екені туралы ұсыныс алдық.
Қазақстан құрамасының медициналық штабымен бірге талқылап, жағдайды бағалағаннан кейін, ойыншыға толық қалпына келуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық.
Сәтпаевтың орнына Қазақстан құрамасына қазіргі таңда жақсы формада жүрген Оралхан Өміртаев шақырылды. Ол ұлттық құрама алдындағы міндеттерді орындауға дайын, – деді ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов.
Қазақстан құрамасы Астанада өтетін FIFA Series 2026 турнирінде бақ сынайды. Алғашқы ойын 25 наурызда «Астана Аренада» Намибияға қарсы өтеді. Матч 17:00-де басталады.
https://nege.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через