Кимешек халықаралық рекордтар кітабына енді

Кимешек халықаралық рекордтар кітабына енді
фото: Есенжол Исабек

Ертіс бойының аналары қазақ әйелдерінің киелі бас киімі — кимешекке арналған 4 метрлік алып инсталляция жасады.

Павлодардың Орталық жағалауында отандық фэшн-индустриядағы мега рекорд тіркелді. Дәстүрлі этномәдениеттегі қазақ әйелдерінің киімі — «Алып кимешек» таныстырылды. 

— Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі бұл бас киімді тек тұрмыстағы әйелдер киген. Бұл оның отбасындағы және қоғамдағы ерекше мәртебесінің көрсеткіші болды. Жоба авторы — белгілі дизайнер-шебер Гуляим Акумбаева, ол жергілікті фольклордың дәстүрлеріне негіз болды. Шараны қалалық әкімдіктің қолдауымен «Қазақ аналары — дәстүрге жол» РҚБ ұйымдастырып отыр, - деп хабарлады Павлодар қалалық әкімдігінен.

Алып кимешекті Global BOOK of RECORDS/GbR өкілдері ресми түрде бас киімді тіркеп, Global Book of RECORDS/GbR жаңа халықаралық рекордтар кітабына енгізді. 

Іс-шараға ақ кимешек киген 200-ге жуық ана қатысып, ұлттық бас киімді дәріптеді.

 ҚазАқпарат