Спорт

2024 жылғы Олимпиаданың жеңімпаздары Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

Бүгін Париждегі Олимпиаданың 10-ші күні. Әзірге Қазақстан 1 алтын, 1 күміс, 2 қоламен  отызыншы орында тұр. Дегенмен еліміздің көк байрағы әлі жеңіс тұғырында желбірейді деген үміт бар. Өйткені, сенбі және жексенбі күндері қос бірдей спортшымыз финалға жолдама алды.

Cәкен Бибосынов өзбек боксшысымен болатын жекпе-жек туралы айтты

Сәкен Бибосынов 1/8 финалда түрік боксшысы Самет Гюмюшті жеңген еді. Париж Олимпиадасында 51 кг салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін қорытындылап, өзбек боксшысымен өтетін кездесу туралы пікір білдірді.

Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады

Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады. Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі ойындардың ашылу салтанатына орай көшеде қауіпсіздік қызметтері де күшейген. Ресми емес дерек көздеріне сүйенсек, ашылу салтанатында олимпиада алауын жеңіл атлетикадан үш дүркін Олимпиада чемпионы Мари-Жозе Перек мен даңқты футболшы Зинедин Зидан жағуы мүмкін. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстангенің ашылу салтанаты туралы аз-кем ақпарат берді.