WhatsApp

Темірлан Көлбай самбодан әлем чемпионы атанды

Темірлан Көлбай самбодан әлем чемпионы атанды
фото: https://kaz.inform.kz/news

       Бүгін елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді.

       Самбодан әлем чемпионатында отандасымыз Темірлан Көлбай алтын медаль иеленді.

       Жерлесіміз финалда +98 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Пуревдорж Дамдинсуреннен басым түсті.

       Елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеде әлемнің 80 мемлекетінен келген 470 спортшы бақ сынауда. Ал ел намысын 28 спортшы қорғап жатыр.

       https://nege.kz/