WhatsApp

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті
фото: kk.wikipedia.org

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Орта Азия аумағында музыкалық аспаптарға арнайы ашылған алғашқы музей

 

2026 жылы наурыз айынан бастап Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі келушілер үшін жаңа жұмыс кестесін енгізді.

Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді, деп жазды kaz.zakon.kz.

Дүйсенбі – санитарлық күн.

Жаңартылған жұмыс кестесі қала тұрғындары мен қонақтарына музейге кешкі уақытта және өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта келуге мүмкіндік береді.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Музей 1981 жылы құрылған. Музей қорында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ден астам елінің музыкалық мәдениетін танытатын бірегей жәдігерлер сақталған.

Қазіргі уақытта музейде 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Экспозицияда желбуаз, адырна, тұяқтас сияқты сирек кездесетін қазақ музыкалық аспаптары, сондай-ақ кең таралған домбыра, қобыз, сыбызғы көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан.

Музейдің ұйымдастырылуы, қалыптасуы және даму тарихы мемлекет және қоғам қайраткері, академик Өзбекәлі Жәнібековтiң есімімен тікелей байланысты.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – 1981 жылы ашылған республикадағы тек қана музыкалық аспаптарға негізделген тұңғыш музей. Музей ғимараты - Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.