фото: mediabugin@gmail.com
Қазақстандықтар бір жылдан аса уақытта бәс тігу арқылы 4 трлн теңгесінен айырылған
Ержан Біржановтың айтуынша, соңғы заңнамалық өзгерістерге байланысты букмекерлік кеңселерден түсетін салықтық төлемдер көлемі азайған. Соған қарамастан, саланың айналымы әлі де айтарлықтай жоғары.
"1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы сомасы 1,6 триллион теңгеге бәс жасалды. Оның ішінде ұтыстар 1,2 триллион теңгені құрады. Яғни қайтарымдылық деңгейі 75 пайыз болды, ал қалған 25 пайызы ұйымдардың пайдасына қалды. Қазіргі таңда шамамен 700 мың адам тұрақты түрде бәс жасайды", – деді Ержан Біржанов Электрондық қаржы орталығындағы таныстырылымда.
Осылайша Қазақстандағы ересек тұрғындардың шамамен 15-20 пайызы құмар ойындарға қатысатыны белгілі болды.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через