фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі https://kaz.inform.kz/
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға ғалымның құнды мұраларын кеңінен дәріптеу, шығармаларын таныстыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Кітап көрмесінде А.Байтұрсынұлы шығармаларының алты томдығы, «Әдебиет танытқыш», «Тіл тағылымы», «Ақ жол», «Маса», «Қырық мысал», «Жан сөзімді кім түсінер?», сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», «Алаш мұрасы», «Арыстары Алаштың», «Алашорда» еңбектері және ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған басқа да зерттеу еңбектері қойылды.
Көрмеге жалпы 100-ден аса құнды басылым мен құжат ұсынылды.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через