фото: istockphoto.com
Оқыс жағдай қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған
Ақтауда аттракционда екі бала жарақат алды: оның бірі ауруханаға жатқызылды, екіншісі дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді.
Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Ғимараттарды, құрылыстарды немесе көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Бақылау аттракционның жұмыс аймағының бос екеніне көз жеткізбеген. Аттракцион іске қосылғанда сол маңда Газель көлігі тұрған, балалар соған соғылған.
Қала тұрғындары аттракцион келесі күні штаттық режимде жұмысын жалғастырғанын айтты.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через