фото: Гүлмира Абдрахманова/Kazinform https://kaz.inform.kz/
Бішкекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында «Шоқан Уәлиханов: Тарихтың жарық жұлдызы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Туындыны «Манас» ұлттық академиясы қырғызстандық Barsbek Global Production студиясымен бірлесіп түсірген.
Фильм ұлы ғалымның қырғыз халқы тарихын, дәстүрін және «Манас» эпосын зерттеудегі еңбегіне арналған. Премьераға екі елдің ресми тұлғалары, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.
Standard.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через