фото: https://pixabay.com
Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Еске салайық, күні кеше Гонконг қаласында көпқабатты тұрғын үйде алапат өрт шыққан болатын.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, 44 адам көз жұмып, 279-ы әлі табылмады.
Дерек көзі:https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через