Қазақстан азаматы Бурятияда қар көшкіні салдарынан көз жұмды

Қазақстан азаматы Бурятияда қар көшкіні салдарынан көз жұмды

фото: https://pixabay.com/

Қар көшкіні астында алты адам қалған

Бұл ақпаратты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі растады.

"Министрлік Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан осы жылдың 28 сәуірінде алынған ресми ақпаратқа сәйкес, Бурятия Республикасының Муй ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде қар көшкіні салдарынан 1990 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапқанын растайды", - деп жазылған хабарламада.

Қолда бар мәліметке сәйкес, қар көшкіні астында алты адам қалған.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тікелей байланыста екенін жеткізді.

Аталған мәселе министрліктің бақылауында, дейді ведомствода.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Жазылу