фото: ШҚО облысы
Шығыс Қазақстан облысында халықаралық "Шығыс Салбурыны-2025" фестивалі мәресіне жетті.
Ұлан ауданындағы фестиваль "Бүркіт төбе" алаңында 3 күнге созылды.
Оған Қытай, Ресей, Испания, Мажарстан, Моңғолия, Қырғызстан және еліміздің әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Ал жалпы жиналған жұрттың саны 10 мыңға жетті.
Сондай-ақ "Бүркіт төбе" алаңында 40 киіз үйден құралған этноауыл тігілді.
Фестиваль қорытындысына сәйкес ителгі сайысы бойынша Ақмола облысынан Ерлан Кенжетаев, қаршыға және бүркіт сайыстарында Алматы облысынан Өмірхан Баетбай жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Жамбыл облысынан келген Берікболсын Бабажанға бұйырды. Үшінші орынды Жетісу облысынан келген Сәлімхан Ерғазыұлына мен Моңғолиядан келген Кенжебек Байдолдәулі бөлісті.
Әр жүлдегерге ақшалай сыйлық табысталды.
"Шығыс Салбурыны" Халықаралық фестивалі биыл бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Дерек көзі:https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через