фото: pixabay.com
Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте Ташкент қаласының Алмазар ауданындағы «Olmazor City» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Бас прокуратураның мәліметіне сай, 24 жастағы әйел алдымен екі баласын төртінші қабаттан лақтырып жіберген. Кейін өзі 8-қабатқа көтеріліп, терезеден секірген. Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер 1 және 3 жастағы екі бүлдіршіннің өмірін аман сақтап қалды. Ал әйел ауруханада жан тапсырды.
Алдын-ала тергеу дерегіне сәйкес, қайғылы жағдайға қызғаныштан туған отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда отбасылық жанжал үшін ажырасатындарды татуластыруға шектеу қойылмақ.
Еске салайық, былтыр 10 айда Өзбекстан соттары тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарын жасаған 15 826 адамды жауапқа тартты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через