фото: РИА Новости / Руслан Кривобок
Абай облысының Үржар ауданында кәмелетке толмаған балаларға қатысты қайғылы жағдай тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алып жатыр.
— Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары. Қаза болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды. Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріледі, — делінген Абай облысы әкімдігі хабарламасында.
Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы құрылған.
Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через