фото: pixabay.com
Алматыда ардагер журналист, профессор Кәкен Қамзин жалғыз мүлкі - пәтерінен айырылу қаупіне ұшырады. Қария алаяқтардың арбауына түсіп, баспанасын сатқан. Ізінше курьер арқылы ақшаны арам пиғылдыларға салып жіберді.
Қазір полиция бұл іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатырү Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері осы сияқты 11600-ден астам киберқылмыс тіркелді.
Интернеттегі алаяқтар қазақстандықтардың 25 млрд теңгеден астам қаржысын қымқырған. Ардагер журналист, профессор Кәкен Қамзин шетелден әрекет еткен алаяқтарға ұрынған сияқты. Десе де, ел ішінде көмектескендер бар. Алдымен әлдебіреу Энергосбыт қызметкерімін деп, жеке мәліметтерін жазып алыпты. Басқа біреу ұлттық қауіпсіздік комитетінмін деп хабарласып, алаяқтардың үйін сатқалы жатқанын жеткізеді. Сонымен қарияға үйін сатқызып, делдал ақшасын арқылы алдырады.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы: - Бұл қылмыс бойынша біз тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз. Жедел іздестіру әрекеттерін жүргізіп жатырмыз. Көбінесе бұндай қылмыстар біз білеміз қай жақтан жасалып жатқанын. Қалай жасалынып жатқаны бәрі зерделеніп, қазіргі сол қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны туралы, қалай шетелге транзакцияланып кеткені тексеру жүргізіліп жатыр.
Ия, интернеттегі алаяқтар небір амалын тауып, алдауға тырысады. Азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізсе болғаны. Мәселен, қоғам белсендісі Уатхан Біләл микроқаржылық ұйым арқылы оның атынан екі рет несие рәсімделгенін айтады. Әупірімдеп жүріп, сол заемдердің күшін жойып, несие тарихын тазартыпты. Қазір мейлінше жеке мәліметін ешкіммен бөліспеуге тырысады.
Уатхан Біләл, қоғам белсендісі: - Барынша сақ болып жүремін, телефоныма арнайы қосымшалар орнаттым. Белгісіз нөмірлерді алмау тетігін де орнатып тастадым. – Соңғы күндері неше рет хабарласты? – Соңғы күндері бір...үш рет хабарласқан шығар. Көбінесе алмауға тырысам. Бірақ алып қалып, 1 минут сөйлессең, әрі қарай деректеріңді, телефоныңа өзіңе смс келетіндей ғып жасап алуға олардың қолдарынан келеді деп естідім.
Интернет алаяқтарының қитұрқы әрекеті жылдан жылға көбейіп келеді. Мәселен, 2019 жылы 7700-ден астам қылмыс тіркелсе, содан бері бұл көрсеткіш үш есеге өскен. Биыл жартың жылдың өзінде 11600-ден астам жағдай анықталды. Ал бұл 2024 жылғы 6 айдың көрсеткіштен асып тұр.
Қазақстандықтар жарты жылда 25 млрд теңгесінен айырылды.
Оның 825 млн-ы, яғни үш пайыздайы ғана қайтарылған. Полиция былтыр осы секілді киберқылмыстың ширегін ашса, биыл жарты жылда бұл көрсеткіш 4 пайызға ұлғайды. Әзірге әшкереленіп жатқаны – елдегі алаяқтардың әрекеттері.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через