Спорт

Бүгін Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Никита Чирюкин алтын медаль жеңіп алды.

Бүгін Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Никита Чирюкин алтын медаль жеңіп алды. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық құрама мергені жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде ешкімге дес бермей чемпион атанды. Никита финалда 32 ұпай жинады.