«Формула-1» жарысы Өзбекстанда өтуі мүмкін

«Формула-1» жарысы Өзбекстанда өтуі мүмкін
фото: pixabay.com

Өзбекстан өз аумағында «Формула-1» жарысының кейбір кезеңдерін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бұл туралы белгілі британиялық журналист Джо Сейвард мәлім етті.

Оның айтуынша, Өзбекстан өкілі Сингапурде өткен Гран-приге қатысып, жарыс барысында Ташкентте және елдің өзге де ірі қалаларында «Формула-1» жарысының кейбір кезеңдерін өткізу мүмкіндігін талқылаған.

– Сайыс Таиланд, Оңтүстік Корея және Өзбекстанда өтуі ықтимал. Бұл осы елдерде көлік спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, - деп мәлім етті Джо Сейвард.

https://kaz.inform.kz/news/formula-1-zharisi-ozbekstanda-otu-mumkn-09dc00/