WhatsApp

Спорт

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан жас топтары арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды. Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Екінші орынды Франция иеленсе, қола медальді Беларусь өкілдері жеңіп алды.

Депутаттар доп тебе алмайтын футболшыларды сынады

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Франциядан 8:0 есебімен тақыр-таза ұтылғаны Мәжіліс депутаттарының ашуын туғызды. Халық қалаулылары Үкіметке кәсіби клубтарды «облыстық әкімдік бюджетінен» қаржыландыруды тоқтатуды талап етті.

Алматыда балалардың спорт үйірмелеріне қатысуын әкімдік төлейді

Алматыда баланы спорттың 71 түрі бойынша тегін үйірмеге жазуға болады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасының Akimat LIVE тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Әкімнің айтуынша, қалада 40 мыңға жуық баланы тегін спорттық үйірмемен қамту жоспарланды.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасына жаңа жаттықтырушы келді

Ол – Ресейдің екі дүркін чемпионы, Еуропа чемпионаттарының жүлдегері Сергей Воронов. Бұл туралы «Denis Ten Memorial Challenge 2021» халықаралық турнирінің ашылуы алдында белгілі болды. «Осы турнирден қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортының жаңа кезеңі басталады. Спорттық додаға түрлі өңірден балалар келді.