Артериялық гипертензия. Алдын алуға кеңестер

Артериялық гипертензия. Алдын алуға кеңестер

фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/PeterSchreiber

       Артериялық гипертензия немесе гипертония  - қан қысымының тұрақты жоғарылауы. Бұл бүкіл әлемде кең таралған созылмалы аурулардың бірі. Уақытылы емделмеген және бақыланбаған гипертония ауыр жағдайларға  әкелуі мүмкін сондай-ақ  мезгілсіз өлім қаупін арттырады. Жоғары қан қысымы  инсульттің, миокард инфарктісінің, жүрек жеткіліксіздігінің, бүйрек пен көздің зақымдалуының негізгі себебі болып табылады.  Сонымен қатар атеросклероз мен жүректің ишемиялық ауруы дамуын жеделдетеді. Бұл тақырып жайлы Ұлттық госпитальдің жоғары дәрежелі терапевт дәрігері Флюра Самиловадан  бірқатар маңызды ақпарат алған едік:

     -Гипертония тек қарт адамдарға ғана емес,  жастар мен  орта жастағы науқастарға  жиі қойылатын диагноз. 2025 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстанда артериялық гипертензияның таралуы аймаққа байланысты 15,2%-дан 35%-ға дейін ауытқыған, ал оның барлық жүрек-қан тамырлары аурулары арасындағы үлесі 47,7%-ға жетеді.Гипертонияның  ерекшелігі - ол ұзақ уақыт бойы  симптомсыз болуы мүмкін. Көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы жоғары қан қысымын сезбейді, сондықтан гипертония  «үнсіз өлтіруші» деп аталады. Ауруды ерте анықтаудың жалғыз сенімді жолы - өзіңізді жақсы сезінсеңіз де және басқа алаңдаушылық болмаса да, қан қысымын үнемі өлшеп отыру.

     Қан қысымы дегеніміз не? Бұл артериялардың қабырғаларына қан ағымы әсер ететін күш - қанды жүректен мүшелерге жеткізетін тамырлар. Оны өлшеу үшін тонометр деп аталатын құрал қолданылады. Қысымның көрсеткіштері сынап бағанының миллиметрімен (мм рт.бағ.) өлшенеді.Екі мән анықталады: систолалық («жоғарғы») қысым — жүректің жиырылуы кезінде;диастолалық («төменгі») қысым — жүректің босаңсу кезеңінде.Көптеген ересектер үшін қан қысымы 130/85 мм сын.бағ. төмен оңтайлы болып саналады. Ал 130–139/85–89 мм сын.бағ. көрсеткіштері қалыпты қысымның жоғарылауы болып саналады және өмір салты мен қауіп факторын бақылауды қажет етеді.

Артериялық қысымның жоғарылау дәрежесі бойынша жіктелуі:

     Санаттар: систолалық АҚ диастолалық АҚ.

     Қалыпты АҚ 120-129 80-84Гипертонияның І сатысы (жеңіл) 140-159 90-99

     Гипертонияның II сатысы (орташа) 160-179 100-109Гипертонияның ІІІ сатысы (ауыр) 180 немесе одан да көп 110 және одан да көп. Егер қайталанса гипертония диагнозы қойылады.

     Қан қысымы әртүрлі күндерде өлшенгенде 140/90 мм сын.бағ. немесе одан жоғары.

Артериялық гипертензияның себептері мен қауіп факторлары.

     Бұл - созылмалы ауру, ол кейде қан қысымының жоғарылауы және қалыпқа келуі кезінде дамып, кейін бірте-бірте қан қысымының тұрақты жоғарылау фазасына ауысады.

Гипертонияның екі негізгі түрі бар:

     Біріншілік гипертензия (эссенциалды немесе эссенциалды гипертензия) қауіп факторларының және өмір сүру салтының әсерінен бірте-бірте дамитын ең таралған түрі; Екіншілік гипертензия – бұл басқа аурудың көрінісі ретінде қан қысымының жоғарылауы. Мысалы,  бүйрек ауруы, қалқанша безінің ауруы, бүйрек үсті безінің ауруы, тамыр аурулары және басқа патологияларды қамтуы мүмкін.Гипертония көбінесе баяу дамиды және ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілері болмауы  мүмкін. Өйткені, дене бірте-бірте жоғары қан қысымына «бейімделеді».  Сондықтан адам денсаулығының нашарлауын байқамауы немесе оның белгілеріне назар аудармауы мүмкін. Ауру көбінесе жоспарлы  немесе асқынулар пайда болғаннан кейін тексеру кезінде кездейсоқ  анықталады. Сондықтан әр адам өз қан қысымын  үнемі бақылап отыруы маңызды.               

 Тәуекел факторлары дегеніміз не? 

     Бұл гипертонияның дамуы мен өршуін арттыратын жағдайлар мен әдеттер. Әсіресе бірнеше факторлардың қосындысы өте қауіпті. Барлық қауіп факторлары өзгертілетін  және өзгертілмейтін  яғни адам өзгерте алмайтын факторлар. Өзгертпейтін қауіп факторлары: ер жынысы, ерлер үшін 55 жастан, әйелдер үшін 65 жастан жоғары.

     Тұқым қуалау –  туыстарында жүрек-қан тамырлары ауруларының болуы.Модификацияланатын қауіп факторлары: тұрақсыз  жұмыс және демалыс кестесі, түнгі ауысымдағы немесе психологиялық күйзеліспен байланысты жұмыс,  созылмалы стрес  және ұзаққа созылған психоэмоционалды шиеленіс, дұрыс тамақтанбау,  артық салмақ пен семіздік, физикалық белсенділіктің төмендеуі,темекі шегу, ішімдікті  шамадан тыс тұтыну, ұйқының дұрыс болмауы.             

Қан қысымын қалай өлшеген дұрыс ?

     Сенімді нәтижеге қол жеткізу үшін мына қарапайым ережелерді сақтау маңызды:  өлшеуден 30 минут бұрын темекі шекпеңіз, қою шай, кофе, энергетикалық сусындар немесе ішімдік ішпеңіз, қан қысымын тамақ ішкеннен кейін 1–2 сағаттан соң ғана өлшеңіз.  Өлшеу алдында 5 минут тыныш отырыңыз,  сөйлеспеңіз немесе қозғалмаңыз, қолды тар киімнен босатып,  үстелге қою керек, қан қысымын өлшейтін манжет шынтақтан 2 см жоғары орналасуы керек. Егде жастағы адамдарға жатып және тұрғанда қан қысымын қосымша өлшеген дұрыс, өлшеу нәтижелерін күнделікке жазып, дәрігерге көрсеткен жөн.

Артериялық гипертензияның алдын алу

     Алдын алудың ең қарапайым және қол жетімді әдісі - салауатты өмір салтын ұстану.  Мұны бала кезінен бастап  барлық  отбасы мүшелеріне насихаттап,  дұрыс әдеттерге  тәрбиелеу.                     

Алдын алуға негізгі  ұсыныстар:

     Тұзды тұтынуды шектеңіз. Артық тұз қан қысымының жоғарылауына әсер етеді. Тұздалған, ысталған және маринадталған тағамдардың мөлшерін азайту керек.  Оның тәуліктік мөлшері 5 граммнан аспауы керек (шамамен 1 деңгейлі шай қасық). Тұзды тұтынуды аздап азайту да қан қысымын төмендетуге көмектеседі. 

     Салмағыңызды бақылаңыз. Артық салмақ жүрек пен қан тамырларына жүктемені арттырады. Салмақ тастау  инфаркт, инсульт және қант диабеті қаупін азайтуға көмектеседі.

     Дене белсенділігін сақтаңыз. Тұрақты жаттығулар жүрек-тамыр жүйесін нығайтады, салмақты басқаруға көмектеседі және стрессті азайтады. Жаяу жүру, жүзу, гимнастика, велосипед тебу және аптасына 5 рет күніне 30 минут орташа аэробты жаттығулар пайдалы.

     Темекіні тастаңыз! Шылым  шегу қан тамырларын зақымдайды, атеросклероздың дамуын жеделдетеді, инфаркт, инсульт және тыныс алу органдары  ауруларының қаупін айтарлықтай арттырады. Спиртті ішімдіктерді шектеңіз. Оны шамадан тыс тұтыну қан қысымының жоғарылауына және жүректің күрделі мәселелеріне әкеледі. Ұйқы және демалу тәртібін сақтаңыз. Дұрыс ұйқы және жақсы демалыс жүйке жүйесіндегі стрессті азайтуға және тұрақты қан қысымын сақтауға көмектеседі. 

     Стрессті басқаруды үйрену: демалу үшін күніне 10 минут уақыт табыңыз. Ұзақ мерзімді стресс қан тамырлары мен жүрекке  әсер етеді. Мәселені өз бетіңізше шеше алмасаңыз, психологқа барудан қысылмаңыз.

     Стресске төзімділікті арттыру үшін психологтар кеңесі: Барлығын бірден шешуге тырыспаңыз; басымдық беруді үйрену керек. Әрекеттеріңізді өзгеруге тырысыңыз, өйткені бірқалыпты  жұмыс шаршатады.  Өзгеріс күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі.

     Кез келген әрекетте нақты және маңызды мақсаттар қойыңыз және оларға қол жеткізгеніңіз үшін өзіңізді мақтап қойыңыз. Оқиғалар мен адамдардың дұрыс  жақтарын көруге тырысыңыз; жанжалдардан аулақ болыңыз және оларды өзіңіз жасамаңыз; өзіңіздің күшті жақтарыңызды және әрекеттеріңіздің дәйектілігін шынайы бағалау;

     Кейбір тапсырмада немесе әңгімеде сәтсіздікке ұшырасаңыз да, өзіңіздегі «плюстерді» көруге тырысыңыз, әрқашан  көңілді болыңыз. Егер сізге гипертония диагнозы қойылса, қамықпаңыз! Қазіргі заманғы медицина бұл ауруды емдеуде өте тиімді әдістер бар. Дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде орындаңыз және дәрі-дәрмектерді қабылдауды өзіңіз тоқтатпаңыз, бұл сіздің жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін.

     Гипертонияны емдеу ұзақ мерзімді екенін есте ұстаған жөн, дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдамау немесе емдеуде үзіліс жасау жағдайды нашарлатуы мүмкін. Қан қысымыңыз қалыпқа келсе де, дозаны өткізіп алмаңыз. Бұл -емдеу тиімділігінің көрсеткіші. Гипертонияны емдеудің мақсаты - асқыну қаупін азайту және  өмір сүру ұзақтығын сақтау болып табылады. 

     Кез-келген ыңғайсыздықты күнделікке жазып, оларды дәрігермен талқылаңыз; қажет болған жағдайда емдеуді түзетуге болады.  Деніңіз сау болсын!

 Ұлттық госпитальдің журналисі Жазира Зәкірқызы

Подписаться