фото: https://pixabay.com/
Оқиғаны тұрғындар байқап қалып, полицияға хабарлаған
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 12 жастағы қызды аңдыды деген күдікпен адамдар ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Тұрғындардың айтуынша, көшеде қызға белгісіз адамдар жақындап, оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Алайда оқушы бас тартқан. Олар қыздың артынан жүре бастаған. Оқиғаны тұрғындар байқап қалып, полицияға хабарлаған.
"Учаскелік полиция инспекторлары шұғыл іске кірісіп, автокөлікті дереу анықтады. Жүргізуші әйел мен оның жолаушылары бірден полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Түркістан облысының полиция департаментінде.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, күдіктілер медициналық куәландыруға жіберілген. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады, дейді полицияда.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через