фото: https://pixabay.com
Ұрланған көлік Түркістан облысында табылды
Алматы облысында жас жігіттер салонда тұрған көлікті қолды еткен.
Оқиға Талғар ауданында болды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы Бесағаш ауылында орналасқан автосалонынан көлікті ұрлаған.
Осылайша меншік иесіне аса ірі көлемде материалдық шығын келтірген.
"Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды", - деді тәртіп сақшылары.
Тергеу барысында ұрланған көлік Түркістан облысында табылды.
Дерек көзі:https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через