фото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан
Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова Ирландия мен Шотландия арасындағы Солтүстік бұғазын жүзіп өткен алғашқы қазақстандық әйел атанды. Әнелдің өзі Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім еткеніндей, ол аталмыш бұғазды 4 қыркүйек күні 16 сағат 36 минут 19 секундта бағындырды, деп жазды kaz.inform.kz.
Отандасымыз Солтүстік бұғазын жүзіп өткен 185 адамның қатарына енді.
– Төрт адамның бәрі де мәреге жетті. Менімен бірге болған германиялық, Олимпиада чемпионы Андреас 8 сағатта жүзіп өтіп, рекорд орнатты. Ал аустралиялық Бренда 11 сағатта мәре сызығын кесті. Тағы бір аустралиялық Джон 15 сағатта жетті, - дейді Ә.Сытдықова.
Фото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан
Оның айтуынша, бапкері Сергей Ленивкин Мәскеуден келген. Ол түркиялық досымен бірге қолдаушы ретінде қайықта болған.
Солтүстік бұғазы – суы салқын, ағысы қатты, әлемдегі ең қиын марафондық қашықтықтардың бірі.
Фото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан
Фото: Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан
Триатлоннан Қазақстанның тұңғыш темір ханшайымы, бірінші айронмен (Ironman) және ультрамен (Ultraman) Әнел Сытдықова 2019 жылы қазақстандықтардан алғаш рет әйгілі Ла-Манш бұғазын (38 км) гидрокостюмсіз жүзіп өткен. Одан кейін 2022 жылы жазда АҚШ-та Манхэттен аралы айналасында 20 көпірді айналып, 48,5 км қашықтықты бағындырды. Содан кейін Лос-Анджелесте әлемдегі ең ұзақ марафондық қашықтықтардың бірі – Каталина бұғазын (34 шақырымға жуық) тоқтамастан жүзіп өтті.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через