Биыл мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады, деп жазды Kazinform.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
Мамырда бес апта соңы бар. Сол себепті, 10 күн сенбі және жексенбіге сай келіп тұр.
Одан бөлек бұл айдағы төрт мерекеде демалыс беріледі.
1 мамыр (жұма) — Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр (бейсенбі) — Отан Қорғаушы күні;
9 мамыр — Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күні.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
1 мамыр (жұма) — демалыс, 2 мамыр (сенбі) — жұмыс, 3 мамыр (жексенбі) — демалыс;
7 мамыр (бейсенбі) — демалыс;
9 мамыр (сенбі) — демалыс, 10 мамыр (жексенбі) — демалыс, 11 мамыр (дүйсенбі) — жұмыс;
27 мамыр (сәрсенбі) — Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс.
Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.