Жаңа Қазақстанның  жас  ғалымы

Жаңа Қазақстанның  жас  ғалымы
фото: Жеке архивінен

Айбат Алмасұлы  Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 8-ші сынып оқушысы. Ол Астана қаласында өткен  жас зерттеушілер форумында бионикалық протез экзискилет тақырыбында баяндама жасап, «Үздік ғылыми әзірлеме» деген ғылыми марапатты иеленді.  Анасы Айман Қасымқызының айтуынша, бұл байқаудың  мақсаты қазіргі жас балаларды ғылымға деген қызығушылығын ояту, оларды әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге  араластыру бағытына арналған. Бұл республика көлемінде  өте үлкен ауқымды байқау. Оған  1000 аса команда қатысқан. Солардың ішінде  Айбаттың командасы  үздіктер қатарынан табылды.

Айбаттың ғылыми жұмысы өндіріс саласындағы қауіп-қатерді азайтуға , оның алдын алуға  бағытталған.  Осы сайыста жас ғалым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, оның алғысын алған болатын. Президент  жас  өреннің ғылымға деген ұмтылысын өте жоғары бағалады. Осы бір тағылымы мол тарихи кездесу Айбатқа Алмасұлының бала арманына қанат бітірген.

 Айбат өзі Қасымжомарт Кемелұлымен кездескен кезде алғашында қобалжығанын айтады.  Одан кейін мемлекет басшысына өзінің проектісі туралы ағылшын тілінде толық ақпарат береді. Президент талабы таудай жас ғалымға «Жобаларың өте жақсы екен, жалғастыра беріңдер»,-деп өзінің ақ тілегін білдірген. Сол кезде қатты қуандым, дейді  Айбат батыр.

Аспан әлемінде  құштар болып өскен балақай астрономия мен физика, биология, инженерия пәндерін ерекше ықыласпен ынтызарлықпен оқиды. Бос уақытында музыка мен спортпен айналысады. Қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін тілдерін жетік меңгерген, еркін сөйлейді. Ол республикалық халықаралық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жеткен. Қазіргі уақытта жас ғалым үлкен ғылыми байқауға дайындық үстінде жүр.

Сәтбаев университеті  робототехника және  автоматика құралдары  кафедрасының қызметкері, Ерболат Игембайдың айтуынша, жобаның атауы «Өндірістегі экзискилет» деп аталады.  Өндіріс саласында  жұмысшыларға әртүрлі жағдайда өте үлкен ауқымдағы техникаларды қозғалту, орнына көтеру, салмағы үлкен өндірістік техникалар мен құрал-жабдықтарды бір орнына екінші орынға ауыстыру керек болады. Бұндай жағдайда бұл жұмысты атқаратын көптеген жағдайлар болады. Өндіріс саласының адамдары ауыр салмақты заттарды  өз күштерімен қозғалтамыз деп, белдерін зақымдап, денсаулықтарына зиян келтіріп алып жатады.  Экзискилет кез-келген ауыр жұмыстарды  атқаруға, орнынан қозғалтуға көмектесетін болады.

-Бұл экзискилет екіге бөлінеді дейді Айбат. Пассивті экзискилет және активті экзискилет. Олардың  сербокиптары болады,  аяқ-қолдары зақымданған адамдарға үлкен қолғабыс ете алады. Қозғалуы қиын жағдайдағы, мүлдем жүре алмайтын адамдарға арналып жасалған. Ал пассивті экзискилет құрылыс саласында ауыр бір заттарды орнынан қозғалтып қоюға және адамның дене мүшелеріне омыртқа, буындарына түсетін салмақты азайтуға, оны жеңілдетуге арналған. Жас  ғалым Айбаттың жазғы демалысы, зертханада өтіп жатыр. Ғылыми зерттеу нәтижесін жетілдіру бағытында тәжірибелер жүргізеді, ғылыми жетекшілерімен бірлесіп техникалық теориялық  мәселелерді сараптайды. Арманы асқақ, талабы зор оқушы ел игілігі жолында қызмет етуді өмірлік мақсатына айналдырғысы келеді.