Алматыда Конституция күні қалай аталып өтеді

Алматыда Конституция күні қалай аталып өтеді
фото: taldykorgan-online.kz

       30 тамыз күні Алматыда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтеді.

       Алматы әкімдігінің мәліметінше, Абай алаңында сағат 18:00-де Мемлекеттік Туды шығару рәсімі болады және Әнұран орындалады. Сондай-ақ 200-ден астам өнерпаз қатысатын театрландырылған қойылым қойылады. Олардың арасында Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, «МузАрт Life» тобы және басқа да өнер жұлдыздары бар.

       Ал сағат 19:00-де Республика сарайының алдында ашық аспан астында «Алматы – махаббатым» спектаклі өтеді. Сағат 20:00-де «Алматы әуендері» концерті басталады. Оған Саят Нұрғазин, Димаш Дәулетов, Қайрат Нұртас және өзге де эстрада жұлдыздары қатысады. Бағдарлама 22:00-де ашық аспан астындағы үлкен концертпен аяқталады.

       https://kaz.inform.kz/