фото: https://pixabay.com/ru/
Салымшылардың қаражатын заңдастыру мақсатында күдікті ақшаны криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялармен шығарып, кейін туыстарының шоттарына аударған
Маңғыстау облысында салымшылардан заңсыз ақша тартқан "LiveGood" қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды қаржы мониторинг агенттігі.
Қаржы пирамидасына қатысты заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеу аяқталды.
"LiveGood" компаниясы дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды сататын маркетинг ретінде көрініп, шын мәнінде салымшыларды тарту арқылы кепілдендірілген табыс уәде етіп отырған. Өнімді сатып алу міндетті болмаған. Қатысушылар 50 доллар беріп тіркеліп, қосымша адамдарды тартқан", - дейді ведомстводағылар.
Салдарынан 80-нен астам азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды. Салымшылардың қаражатын заңдастыру мақсатында күдікті ақшаны криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялармен шығарып, кейін туыстарының шоттарына аударған.
"Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол Ақтау қаласынан екі пәтер мен Lexus автокөлігін сатып алған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны – 43 млн теңге. Соттың санкциясымен 132 млн теңге көлеміндегі оның есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды", - дейді агенттіктектегілер.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через