Ғылым және жоғары білім министрлігі 700 оқу бағдарламасын жаппақ

Ғылым және жоғары білім министрлігі 700 оқу бағдарламасын жаппақ

фото: pexels.com

Жасанды интеллектінің әсерінен 2035 жылға қарай 14 мамандық жойылып, тағы 46 кәсіп түрі қысқаруы мүмкін. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Сәйкесінше, еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болады. Қазірдің өзінде бар, алайда кең тарамағалмаған кәсіпке бірнеше жылдан соң сұраныс артпақ. Осы ретте Ғылым және жоғары білім министрлігі білікті кадрлар даярлауға дайын ба? Оған оқу бағдарламалары қаншалықты жарамды? 

Заман талабына сай маман даярлау универистеттің міндеті. Ғылым және жоғары білім министрлігі осыны ескеріп, 700-ге жуық оқу бағдарламасын жаппақ. Саясат Нұрбектің айтуынша, көпшілігінің мазмұны ескірген, қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай емес.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
73 мыңнан астам қазақстандық компаниялардан, бүкіл заңды тұлғалардан арнайы сауалнамасын жүргізіп бітірдік. Соның негізінде 700-ге жуық оқу бағдарламалары мүлдем ескіргені анықталды. Ол мамандықтардан лицензияларын алып, қабылдауға тыйым саламыз. Яғни біз ұлттық реестрден алып тастаймыз. Ол мамандықтарда оқып жатқан балаларға оқуларын тәмамдауға, бітіруге мүмкіндік береміз. Ол әділетсіз болады, бірден тоқтатуға болмайды. 2-3 жылдың ішінде тоқталады.

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс білім беру жүйесін жаңартудың бірп бөлігі ғана. Бір топ оқу бағдарламасы трансформацияға ұшырап, мазмұны толық өзгереді. Жасанды интеллект, цифрлық инженерия, киберқауіпсіздік және деректерді талдау бағыттарына басымдық беріледі.
Бұл бастаманы депутат Асхат Аймағамбетов те қолдады. Айтуынша, жоғары оқу орындары білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуі керек. Ол жасанды интеллектіні жеке пән ретінде емес барлық мамандықтың құрамына енгізілуі тиіс деп есептейді.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Енді жасанды интеллектпен жұмыс істей алмайтын диплом - бұл адамның төрт жыл бойы тек ғимаратқа барып-келгенін растайтын қымбат анықтама ғана болмақ.Бұл мақсат жоғары оқу орындарының қазіргі үлгісін қайта қарауды талап етеді. Жаңа университет жасанды интеллектіні барлық дайындық бағыттарына кіріктіруі тиіс.

 

Бұл өзгеріс оқытушылар да айналып өтпеді. Министрлік мәліметінше, педагоктер жасанды интеллектіні меңгеруге кіріскен. Бұл бағытта OpenAI компаниясымен халықаралық серіктестік жолға қойылған.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
165 мың лицензия берілді. Оның 100 мыңы орта білім деңгейінде, қалған 62 мыңы бізде. Толыққанды 100 пайыз оқытушыларды, профессорларды оқытып жатырмыз. Негізгі мақсат: оларды бірінші жасанды интеллектінің не екенін, қалай қолданатынын көрсету және әрқайсына лизенция беріледі, ақысыз.

Жалпы, өзгерістердің басты мақсаты – тек маман дайындау емес. Ең бастысы жаңа жағдайға бейімделе алатын, өмір бойы білім алуға қабілетті тұлға қалыптастыру. Себебі болашақта тұрақты бір мамандық емес, үнемі жаңарып отыратын дағды маңызды болмақ.

Жазылу