фото: pixabay.com
Отандық өнертапқыштар аяқ киімге салатын кәдімгі ұлтарақты жасанды интеллектпен жабдықтап қойған. Ол адамның қозғалысын талдап, жүру динамикасын бақылайды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сенсорлық ұлтарақ дегеніміз жүріс пен дене бітімін талдауға арналған қысым және қозғалыс сенсорлары бар ортопедиялық ұлтарақ.
Сенсорлы ұлтарақ қалай жұмыс істейді? Ерекшелігі неде?
Ұлтараққа орнатылған өте сезімтал сенсорлар табан сүйектері мен бұлшық еттеріне түсетін күшті анықтайды.
Манат Нұрсұлтан, Mirai Tech компаниясы аппараттық инженерлік топтың техникалық директоры:
Сізде жарты қадам уақытында бәрі жақсы. Каденция бойынша ол сізде орташа уақыт алып тұр. Минутына 94 қадам басасыз. Бұл орташа көрсеткіш. Ол да өз қалпында тұр. Ал аяқтың қозғалысына байланысты, сол аяғыңызда 144 мс, оң аяғыңызда 116 мс. Бұл да айырмашылығы атты жоғары емес. Сонда да кішкене сол аяғыңызды жерде көбірек уақыт ұстайсыз.
Ұлтараққа орнатылған өте сезімтал сенсорлар табан сүйектері мен бұлшық еттеріне түсетін күшті анықтайды. Арнайы иілгіш материал механикалық деформацияны электр сигналына айналдырады. Бұл сигналдар өз кезегінде сандарға ауысып, өңделеді. Бұл процеске жасанды инттелект те қосылған. Осылайша графиктер мен статистикалық көрсеткіштер шығады.
Адам басқан қадамның жиілігі, тепе-теңдіктің дұрыс сақталуы, оң я сол аяққа түсетін салмақ және өзге де ақпарат белгілі болады. Бұл жарақат алған адамдарға, әсіресе спортшыларға оңалту кезіңіндегі өзгерістерді тез арада байқауға септігін тигізеді.
Гүлнұр Қалимуддина, Mirai Tech компания негізін қалаушылардың бірі:
Негізі аналитика жасау үшін спортшы клиникаға барып, ұзақ, көптеген диагностикадан өтуі керек. Сосын ғана оған үлкен қағаз шығады. Ал кішкентай шабаданды өзіңмен алып жүріп, бапкер, физтренер, реабилитолог әр уақытта спортшысын тексере алады.
Бұл өнімді отандық Mirai Tech компаниясы жасап шығарған. Стартаптың тарихы университет қабырғасында студенттер әзірлеген ғылыми жобадан бастау алады. Заманауи технологиялар арқылы адам өмірінің сапасын жақсартуды көздеген өнертапқыштардың еңбегі бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де жоғары бағаланады. Енді компания Еуропаның футбол клубтарымен пилоттық жоба іске қосуды жоспарлап отыр.
Сенсорлық ұлтарақтар технологиясы: Аяқ қысымын, қозғалысын және дене бітімін дәл өлшеуге арналған бірнеше сенсоры бар (мысалы, 400-ден астам) аяқ киім ұлтарақтары.
Функциясы: Жүріс және аяқ жүктемесі туралы деректерді талдау және түзету үшін жібереді.
Қолданылуы: Медицинада тірек-қимыл аппаратының ауруларын диагностикалау және емдеу үшін, сондай-ақ жүгіру және жүру техникасын жақсарту үшін спортта қолданылады, деп жазды google.com.
Ақылды ұлтарақтың ерекшеліктері:
- Әрбір ұлтанда жоғары дәлдіктегі өлшеулер үшін 400-ден астам сенсор;
- 100 м дейінгі қашықтыққа Bluetooth қосылымы;
- Кез келген аяқ киімге қолдануға бейімделген икемді және реттелетін ұлтарақтар;
- Қозғалысты егжей-тегжейлі талдау үшін бейне синхрондау;
- Аяқ-қолдың жарақат алу қаупін анықтау үшін жүру бағытын талдауы;
- Автоматты немесе өңделетін есептерді жасау;
- Бір рет қолданылатын немесе қайта пайдалануға болатын;
- Батареяның 4 сағаттық қызмет ету мерзімі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через