фото: pixabay.com
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Жасанды интеллект туралы» Заңы мен оған іліспе құжаттарға Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп жазды kaz.inform.kz.
Бұл заңдар цифрландыру процестерін реттеу, жасанды интеллектіні қауіпсіз енгізу және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін заманауи құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған.
Негізгі заң Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект технологияларын реттеу үшін құқықтық негіз құрайды. Ол жасанды интеллектіні қауіпсіз және этикалық енгізуді қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған.
- Парламент Сенаты үш заң бойынша 16 түзету енгізді. Бұл түзетулер тек редакциялық және нақтылау сипатында. Осылайша, аталған түзетулер құқық қолдану практикасына ешқандандай әсер етпейді. Сондықтан Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Сенат енгізген өзгерістермен келісуге болады деп санайды, - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Жалпы отырыс кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через