Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды.
Спикердің буллинг әлі күнге дейін жасөспірімдер арасындағы өзекті екенін айтып, оның себебін – балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі кемшіліктер мен отбасындағы келеңсіздіктерден деп түсіндірді.
Отбасындағы зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына теріс әсер етеді. Олар отбасында көретін мінез-құлық пен агрессияның мұндай үлгісін құрдастарына және айналасындағыларға үйден тыс жерде көрсетеді, - деді Лейла Әліпбаева «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» туралы өткен баспасөз мәслихатында.
Биылдан бастап елімізде балаларды буллингтен қорғауда тың қадамдары іске асырылады. Енді ата-аналар өз баласына қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда жазбаша түрде немесе электронды құжат нысанында уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.
Еске салайық, бұған дейін соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11 пайызға көбейгені жайында жазылған еді.
Baq.kz