WhatsApp

Елде ешқандай астық тапшылығы жоқ, қор көлемі жеткілікті

Елде ешқандай астық тапшылығы жоқ, қор көлемі жеткілікті

       Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында  Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлады. 

       БАҚ-та шикізаттың жеткіліксіздігі салдарынан бірқатар диірменнің  қызметі тоқтайтыны туралы ақпараттар тарағаны белгілі. Бірден айтып өтейін – елімізде ешқандай астық тапшылығы жоқ. Баршаңызды дүрлікпеуге, сондай-ақ жеке мүддені халықтың қызығушылығымен жасырмауға шақырамын, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

       Сонымен қатар ол статистика деректеріне тоқталып өтті.

       Алдын ала статистика деректеріне сәйкес 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық бар. Ішкі тұтынуді есепке алсақ, бұл көлем өзімізді қамтамасыз етуге және оның бір бөлігін ұн түрінде экспортқа жіберу үшін барынша жеткілікті, - деді вице-министр. 

       Еске сала кетейік, бұған дейін АШМ Аграрлық азық-түләк нарықтары жәнеауыл шаруашылығыһнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова нан бағасының қымбаттауына  қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ ол ішкі нарықтағы баға тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілетіндігін түсіндірді. 

      Ақпарат дереккөзі