WhatsApp

Браконьерлерден 13 қап киік мүйізі тәркіленді

Браконьерлерден 13 қап киік мүйізі тәркіленді

     Полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.

Ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

Ұсталғандардың бірі тізгіндеген Toyota маркалы көлігінің салонынан Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізі толы 13 қап табылып, тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша тергеу басталды, – деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ақпарат дереккөзі