Биыл Алматыда 2608 ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Былтыр 1870 ерлі-зайыпты некесін бұзған болатын.
Мамандардың айтуынша, ажырасудың басты себептерінің бірі - тума-туыстары мен бас қосқан екі адам арасындағы мінез қайшылығы.
«Ажырасудың негізгі себептері – баланың болмауы, жұмыссыздық, баспананың жоқтығы, ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімдікке салынуы немесе есірткіге тәуелділігі. Бұдан бөлек, көзге шөп салу бар»,- деп атап өтті Түрксіб ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Дюсембаева.
Жанна Дюсембаеваның айтуынша, ажырасуға жас жұбайлар ғана емес, егде жастағы адамдар да жүгінеді.
фото vplate.ru