Қазақстандық боксшылар Ыстамбұлда (Түркия) 2022 жылғы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда қазақстандық Жайна Шекербекова Пуэрто-Рико өкілі Мелоди Варгаспен кездесті. Бұл жекпе-жекте Шекербекова 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұған дейін Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді, ал Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллонды жеңген болатын.