WhatsApp

45 градусқа дейін аптап болады

45 градусқа дейін аптап болады

Синоптиктер 26, 27 және 28 шілдедегі ауа райы болжамын айтты.

Болжамға сәйкес, елде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады.

26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

"Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы +40 гардусқа дейін көтеріледі, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндізгі уақытта біртіндеп 35 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Қазақстанның орталығында аптап +30...+38 градустан +27...+35 градусқа дейін аздап төмендейді, республиканың шығыс аймақтарында ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +40...+45 градусқа дейін аптап сақталады", - делінген хабарламада.

Фото: phiclinic.com