Шымкентте балаларын азаптаған әйел сотталды
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты
Жауапқа тартылған қала тұрғыны алдымен 9 жастағы ұлын темекі шеккені үшін ұрған. Онымен қоймай, шанышқыны қыздырып, аузын күйдірген. Келесі күні ұлы кешірім сұраса да, оны қайтадан ұрып, дене жарақаттарын салған. Ал бірнеше күннен кейін 11 жастағы қызын 10 мың теңге ұрлады деп айыптап, қыздырылған үтікпен ішін күйдірген. Үтікті ұлының бетіне де басқан.
"Одан кейін балалардың шашын тақырлап алып, оларға психологиялық зиян келтірген. Сондай-ақ балаларды өзенге апарып, мұздай суға секіруге мәжбүрлеп, оларды тұншықтырған", - делінген үкімде.
Сотта прокурор балаларын азаптаған әйелді 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Түрмеге отырғызбауды өтінді.
Судья оны 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Дерек көзі: https://sputnik.kz