Әжесі төрт жасар немересіне күштеп ішімдік ішкізген

Әжесі төрт жасар немересіне күштеп ішімдік ішкізген

фото: pexels.com

АҚШ-та дәрігерлер төрт жасар қызды өз үйінен ес-түссіз күйде тапты. Бүлдіршіннің қанында ішімдік мөлшері 0,680 промилле болған – бұл ересек жүргізуші үшін рұқсат етілген деңгейден сегіз еседен де жоғары. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Daily Star басылымының жазуынша, баланың өліміне әжесі кінәлі деп танылған. 57 жастағы әйел немересін "тәртіпке салу" мақсатында спирттік ішімдіктің бөтелкесінде қалған қалдықты күштеп ішкізген. Себебі қыз бұрын сол бөтелкеден бір ұрттап қойған.

Сараптама нәтижесінде баланың ағзасынан көлемі 750 миллилитр, күші 40% болатын ішімдік анықталған. Бұл ауыр "жаза" кезінде баланың анасы да жанында болып, болған оқиғаға араласпаған. Осыған байланысты оған да "адам өлтірді" деген айып тағылды. Анасы сот алдында кейін жауап береді.

Алғашында әжесіне қасақана адам өлтіру бабы бойынша айып тағылғанымен, алқабилер оны абайсызда адам өлтіру бойынша кінәлі деп таныды.

Подписаться