11-17 мамыр күндері өтетін спорт жарыстары

11-17 мамыр күндері өтетін спорт жарыстары

фото: https://kaz.inform.kz/

Туризм және спорт министрлігі 11-17 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесін жариялады.

13-15 мамыр – теңге ілуден II әлем чемпионаты. Жарысқа 10 елден 50-ден астам спортшы қатысады. Өтетін орны: Түркістан қ.

13-16 мамыр – ескек есу слаломынан Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасынан 3 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Сяси қ. (Қытай)

14-15 мамыр – қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысады. Өтетін орны: Қарағанды қ.

14-17 мамыр – ат спортынан кедергілерді еңсеруден әлем кубогі кезеңі. Ел намысын 7 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Бішкек қ. (Қырғызстан)

14-20 мамыр – дзюдодан кадеттер арасындағы халықаралық турнир. Құрама сапынан 5 спортшы татамиге шығады. Өтетін орны: Бельско-Бяла қ. (Польша)

15-17 мамыр – семсерлесуден (рапира, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі. Турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Шанхай қ. (Қытай)

16-17 мамыр – жеңіл атлетикадан Central Asian U18 Open Championships турнирі. Ел құрамасынан 12 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Ташкент қ. (Өзбекстан)

16-21 мамыр – желкенді спорттан 1 ASAF Central Asian Sailing Championship 2026 жарысы. Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады. Өтетін орны: Шолпан-Ата қ. (Қырғызстан)

https://kaz.inform.kz/

 

Подписаться