Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

фото: pexels.com

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы күрт құбылады: алдымен ел аумағында аяз бен қар жаууы күтілсе, кейін ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, кей өңірлерде жазға жақын +28°С-қа дейін жетеді.

Бұл туралы 2026 жылғы 18–20 сәуірге арналған ауа райы болжамында "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Скандинавия антициклонының жотасы еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, бірақ салыстырмалы түрде салқын ауа райын сақтайды. Алайда ауа массаларының алмасуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

"Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр мен найзағай күтіледі, оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Метеорологтардың мәліметінше, күндіз ауа температурасы мынадай деңгейге дейін көтеріледі:

  • батыс, солтүстік және орталық өңірлерде – +15…+23°С,
  • шығыста – +10…+18°С,
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста – +17…+28°С.
Подписаться