Энрике Иглесиас Алматыда өнер көрсетеді

Энрике Иглесиас Алматыда өнер көрсетеді
фото: pixabay.com

Танымал испан әншісі Энрике Иглесиас 2026 жылы Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 наурызда әншінің Instagram парақшасында концерт өтетін қалалар мен күндері жарияланды:

  • 3 қыркүйек – Астана, "Астана Арена"
  • 5 қыркүйек – Алматы, Орталық стадион
  • Билеттердің сатылымы 7 наурыздан басталады.

Сурет: Instagram/enriqueiglesias

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда Backstreet Boys пен Jennifer Lopez концерт берген. Ал 2026 жылы елімізде Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әлемдік жұлдыздардың концерті жоспарланған.