фото: https://pixabay.com/ru/
Қазақстанның жаңартылған Конституциясында азаматтық мәселесіне қатысты нормаларды нақтылау көзделіп отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.
Оның айтуынша, негізгі заңға қос азаматтыққа қатысты талаптарды айқындайтын түзетулер енгізу ұсынылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына қос немесе көп азаматтық алуға тыйым салу нормасы нақты бекітіледі.
«Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматының өзге мемлекеттің азаматтығына ие болуына жол берілмейді. Ал басқа елдің азаматтығы анықталған жағдайда, бұл Қазақстан азаматтығын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатуға негіз болады», – деп түсіндірді Бақыт Нұрмұханов.
Айта кетейік, бұл түзетулер азаматтыққа қатысты құқықтық талаптарды күшейтіп, мемлекеттік егемендік пен құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через