фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/izusek
Қазақстандағы дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың неше пайызы отандық өнім? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жауап берді.
- Отандық өндірістің көлемі мен ассортименті (дәрілер түрі, арнайы субстанциялар) әлі де шектеулі. Өндіріске қажет шикізат және фармацевтикалық субстанциялар көбінесе импорттық. Қазір Қазақстан дәрілік заттар нарығында импортқа тәуелді, яғни жалпы сұраныстың басым бөлігі шетелден келеді, делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Комитет ақпаратына қарағанда, отандық өндіріс соңғы жылдары өсіп, инвестициялар, мемлекеттік қолдау, келісімшарттар нақты нәтиже бергенімен, оның үлесі 20–25 пайыздан аспады.
- Сондықтан өндірісті кеңейту, ғылыми базаны дамыту, шикізат тәуелсіздігін қамтамасыз ету, тағы басқа кешенді шаралар жүзеге асып жатыр, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через