фото: pixabay.com
Әлеуметтік желілер, форумдар, танысу сайттары — бойдақ адамдарға тез арада кездесу немесе ұзақ мерзімді, байыпты қарым-қатынас үшін серіктес табуға көптеген мүмкіндік ұсынады. Дегенмен, іс жүзінде мұның бәрі үмітті әрқашан ақтай бермейді.
Әрине, интернет сіздің ықтимал таныстарыңыздың ауқымын айтарлықтай кеңейтеді; жан серігін іздеуде сіз географиялық немесе әлеуметтік шекаралармен шектелмейсіз. Неғұрлым көп адаммен «кездессеңіз», соғұрлым болашақ серіктесіңізден және әлеуетті қарым-қатынасыңыздан не күтетініңізді жақсы түсінесіз.
Алайда, кейбіреулер үшін онлайн танысу жеке мақсатқа айналуы мүмкін. Бұл адамдар ешқашан нақты өмірде кездесуге ұмтылмайды немесе тек бір адамға ғана тоқтала алмайды: олар одан да жақсы, тіпті әдемі біреуді табуға мүмкіндік бар деп ойлайды. Бұл «виртуалды дос» синдромы деп аталады. Мұндай адамдарға үміт артпаңыз.
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкінғ деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді түрде жүргізіп, адамға ерекше көңіл бөліп, қысқа уақыт ішінде сенімге кіреді. Уақыт өте келе әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласуы мүмкін.
Алаяқтық схема әдетте былай өрбиді:
- белсенді қарым-қатынас орнату және эмоциялық тәуелділік қалыптастыру;
- өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе тиімді инвестициялар туралы әңгімелер;
- ақша аударуды, оның ішінде қаражатты шетелдік криптоәмияндарға аударуды немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрау;
- қаражат алынғаннан кейін байланыс үзілiп, жәбірленушіні бұғаттау.
Егер экранның арғы жағындағы адам сізден ақша аударуды сұраса, бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі фотосуреттерді пайдаланса, сақ болған жөн.

Фото: pixabay.com.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін:
- интернет арқылы танысқан адамдарға ақша және жеке деректерді бермеу;
- жеке фотосуреттерді жібермеу;
- күмәнді сілтемелерге өтпеу;
- сұхбаттасушының профилін және ол туралы ақпаратты тексеру;
- күмән туындаған жағдайда жазбаны тоқтату керек, - делінген ақпаратта.
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн-танысу кезінде сақ болуға және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы полицияға хабарлауға шақырады.
Қосымша материал kaz.inform.kz сайтынан алыынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через