фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Kazinform-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Елде бір аптада 183 мың адам вирустық инфекция жұқтырған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазды qazaqstan.tv. Ал эпидемиологиялық маусым басталғалы, яғни қыркүйектен бері 1 млн 461 мың тұрғыннан тұмау анықталған. Соның 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.
Вирустың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін,- деді министр. Бұл ретте Олжас Бектенов медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Қажет болған жағдайда стационарларда қосымша орындар ашып, мобильді бригадалардың жұмысын ұйымдастыруға дайын болу керек екенін атап өтті.
Тұмау жұқтырғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар көп.
— Жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі. Ағымдағы эпидемиологиялық маусым басынан ЖРВИ-дің 1 461 мың жағдайы тіркелді, 2024 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 20%-ға төмендегені байқалады. Басым бөлігі — 66 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп жатыр. Соңғы аптада республикада вирустық инфекциялардың 183 мың жағдайы тіркеліп, өткен эпидемиологиялық маусымның осындай аптасымен салыстырғанда аурушаңдық 16 пайыз артып отыр, — деді Ақмарал Әлназарова.
Министрдің сөзінше, биыл аталған вирустардың таралуы жылдағыдан ерте байқалып отыр.
— Эпидмаусым басталғалы бері тұмаудың А типінің (H3N2) 587 жағдайы (Қазақстанда 2001 жылдан бері Гонконг тұмауы деп аталады), зертханалық расталған 587 жағдайы, оның ішінде А (H1N1) типінің 3 жағдайы тіркелді. Алдыңғы жылдары тұмау циркуляциясы 43-ші, 51-ші апталарда, жаңа жылға таман өсу байқалса, биыл ерте анықталып, 41 аптада басталды. Яғни қазан айының бірінші жартысына сәйкес келіп отыр. Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін, — деді Ақмарал Әлназарова.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через