фото: © Абай облысының білім басқармасы
Семейдегі "Келешек мектебінің" оқушылары пластик қақпақтардан EcoBox дайындады.
Семейдегі №51 "Келешек мектебінде" оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында STEM бағыты негізінде EcoBox жобасы жүзеге асырылды. 6–7-сынып оқушылары пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған экоқоқыс жәшігін дайындаған. Өнертапқыш оқушы Әлинұр Байқабаттың айтуынша, EcoBox-ты дайындауға бір апта уақыт кеткен.
"Сызбасын сызған кезде және қақпақтардың санын, түстерін құрастыру қиынға соқты және ұзақ уақыт алды. Кейде түстері сәйкес келмей қалған кезде қақпақтарды тарқатып қайтадан жасаған кездер болды", - дейді ол.
Әлинұрдың айтуынша, бұл жоба шыдамдылықты қажет етеді.
"Біз бірлесе жұмыс істеуді, шыдамдылық пен ұқыптылықты үйрендік. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдануға болатынын түсіндік. Мұғаліміміз бағыт беріп отырды, ал сыныптастарымыз идея қосып, қолмен жасап шығардық", - дейді Әлинұр Байқабат.
Жобаны жасап шыққан оқушының бірі – Серік Тожыбаев.
"Енді осы сұрыптау жәшігіне жиналған бөтелкерден сыпырғыш, мектеп ауласына гүл және мектеп ішіне гүл отырғызатын ыдыстар жасайтын жоспарымыз бар", - дейді ол.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через