фото: https://pixabay.com/ru/
Саяжайда барлығы 286 саяжай учаскесі бар, оның 96-сында 250 адам тұрақты тұрады
Қостанай өңірінде кәріз құбыры жарылып, саяжай су астында қалды.
11 қараша сағат 22:30 шамасында "Энергетик" саяжайында канализациялық құбыр жарылған.
"Каирбеков көшесінде диаметрі 1000 миллиметр болатын напорлы кәріз коллекторының болат құбыры тозудың салдарынан болған. Апат салдарынан 10 саяжай аумағын су басты", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Абырой болғанда, су тұрғын үйлерге кірмеген. Саяжайда барлығы 286 саяжай учаскесі бар, оның 96-сында 250 адам тұрақты тұрады.
Төтенше жағдайлар департаментіне үш қоңырау түскен, барлығы қабылданған. Хабар түскен бойда оқиға орнына күштер мен құралдар жіберілді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар тарапынан 5 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 14 қызметкері мен 6 техникасы атқарды.
Су деңгейін төмендету және құбырды қалпына келтіру шаралары жалғасып жатыр.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через