фото: https://pixabay.com/ru/
Қазақстанда "күйзеліс" диагнозы қойылған жағдайда адамдар еңбекке жарамсыздық парағын (больничный) ала алады.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі желіде тұрғынның "күйзеліс кезінде де еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болады" деген жазбасына байланысты жауап берді.
Министрліктің айтуынша, "күйзеліс" диагнозын тек психиатр-дәрігер қоя алады.
"Алғашқы белгілерді жалпы тәжірибелік дәрігер немесе психолог анықтауы мүмкін. Бірақ нақты диагноз қою, ем тағайындау және науқасты бақылау психиатрдың құзыретінде", – делінген министрлік жауабында.
Сонымен қатар, министрлік күйзеліс кезінде еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болатынын, бірақ оның өз ерекшеліктері бар екенін айтты.
"Егер күйзеліс жеңіл дәрежеде болса және дәрігер науқастың жағдайы уақытша еңбекке қабілетсіз деп шешсе, онда аурухана парағы ашылады", – деп түсіндірді ведомство.
Ал орта және ауыр деңгейдегі депрессия кезінде емделушілерге стационарда (ауруханада) ем алу ұсынылады. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
https://stan.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через