Майнерлер бюджетке қанша ақша төледі

Майнерлер бюджетке қанша ақша төледі
фото: freepik.com

Цифрлық активтер индустриясынан бюджетке шамамен 9 млрд теңге түскен

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі майнингтен бюджетке түскен қаржының көлемін жариялады.

Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зәкиевтің айтуынша алдыңғы жылы цифрлық активтер индустриясынан бюджетке шамамен 9 млрд теңге түскен. Ал былтыр 10,4 млрд теңге аударылды.

"Биыл бірінші жартыжылдықтың ішінде 77 млрд теңге түсті. Соған қарағанда цифрлық майнинг индустриясынан бюджеттік түсімдер өсіп келеді", - деді Зәкиев сенатта өткен жиында.

Айта кетері, қыркүйек айында ұлттық банк стейблкоинді айналымға шығарған болатын.

Дерек көзі: https://sputnik.kz