Елде шектеу шаралары енгізілмейді

Елде шектеу шаралары енгізілмейді
фото: pixabay.com

Елде инфекциялық вирус пен тұмаудың таралуына байланысты ешқандай шектеу шаралары енгізілмейді, деп хабарлады qazaqstan.tv. 

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады. 

Ресми дерекке сай, қыркүйектен бері ел аумағында вирусты 2 миллионнан астам адам жұқтырған. Тұмау 1200-ден астам адамнан анықталған. Ал, Гонконг тұмауына 1250 адам шалдыққан.

 Сондай-ақ, үш адам шошқа тұмауынан емделіп жатыр. Дәрігерлер мұндай жұқпалы дертке шалдықпас үшін вакцина салдыруға кеңес береді. Екпе алған адамда ауру жеңіл өтеді.

 Сонымен бірге, гигиена талаптарын сақтау аса маңызды. Үйді үнемі желдетіп отыруға сонымен бірге, адам көп жиналатын орындарға бармау керегін ескертті. Ауру белгілері байқалған жағдайда емхана барып, дәрігерге қаралған абзал.